Делайте ваши ставки на
Блоги
Конференции
Экстремальные виды спорта
Победитель по жизни
13 июля 2014

Финал-2014

Финалдық ойынға болжам жасау менің оң жамбасыма келетін дүние деп айта алмаймын. «Комментаторлар шайқасында» финалда ұтылып қалғаным әлі көз алдымда. Дегенмен, бір ай бойы ұйқысыз түндер өткізіп күткен ақтық ойынға болжам жасап көрейік.

Финал-2014

Германия – Аргентина

Жартылай финалдық ойыннан соң барлығы Германия финалда Месси бастаған топты тас-талқан етеді деп отыр. Әсте олай болмас. Жалғанды жалпағынан басқан манншафт турнир бойы ойыны жақсарып келе жатқаны анық, бірақ, финалда оңай болмайды. Жейдесіне төртінші жұлдызды тағу үшін Йоахим Лев командасы бүгін түнде барын салары сөзсіз.  Ал Алехандро Сабелья футболшылары ойынның басым бөлігін қорғаныста өткізуі тиіс. Дәрігерлер Анхель Ди Марияны ойынға дейін жарақатынан айықтырып береміз дегенмен, өз мүміндігін Анхель  100 пайызға пайдалана алмас. Месси жалғыз өзі чемпиондықты Аргентинаға әпереді дегенге сену қиын. Менің ойымша финалда көп гол соғылмайды. Тотал 2,5 кем – 1.62. Бұл менің бірінші ставкам.

Тағы бір ставкам Германия жеңеді және тотал 2,5 кем – 4,2 коэффициент. Аргентина гол соқпайды деген де болжам бар, бірақ, ол үлкен тәуекелділікті талап етеді. Егер Аргентина жеңіске жетіп жатса, әділеттікке жатпас еді. Бірақ, кім бізге бәрі әділ болады деп айтты? Футболда көптеген тосын нәтижелер болып жатады, әсіресе, осы мундиальда. Бірақ, бұл финалда емес. Германия жеңіске жетеді деп сенемін. Негізгі уақыттағы жеңісі – 2.18. Бұл үшінші ставка. 

comments powered by Disqus