Делайте ваши ставки на
Блоги
Конференции
Экстремальные виды спорта
Победитель по жизни
26 июня 2014

Ставка

Бүгін топтық кезеңнің соңғы ойындары өтеді. Соңғы екі G және H квартеттерінде плей-офф кезеңіне жолдама үшін Португалия – Гана, АҚШ – Германия, Алжир – Ресей және Корея – Бельгия құрамалары күш сынасады. Бұл мундиальда күтпеген нәтижелер көп орын алуда, дегенмен, бірнеше ставка жасап көрейік. Әуелі 22:00-де ойнайтын командалардан бастайық. Қысқа әрі нұсқа.

Португалия – Гана

Турнирлік кестенің жақсы білеміз. Екі командаға ұпай саны бойынша АҚШ-қа жету үшін тек жеңіс керек, егер американдықтар тең ойнаса, еңбектері еш болады. Португалия фаворит саналғанмен, Гананы есептеп шығарып тастауға болмайды. Гананың оңайлықпен берілмейтіні белгілі. Гананың Германиямен ойынынан әсер алдым. АҚШ-пен ойында әділетсіздік болды. «Қара маржандардың» жеңісіне де ставка қоюға болады. Португалия да бір гол соқпай алаңнан кетпес, сондықтан да болар БК Олимп «екеуі де соғады : ия» ставкасына небәрі 1.48 беріп отыр. Алуға болады.

АҚШ – Германия

Бұл құрамалар тең нәтижеге ойнауы мүмкін деген қауесет көп. Юрген Клинсман мен Йоахим Лев өзара келіспейтініне сенімдімін. Германия екі ойында 4 ұпай алды, және осы ойында тағы үш ұпай алуы тиіс. Көпшілік күткен тең ойын болмайды деп ойлаймын. Бундестимнің жеңісіне қоюға болады. АҚШ-тың ганалықтардан басым түсуі – жолы болғыштық, португалдықтармен ойында алған ұпайы өздерінің жеңісі емес, қарсыласының дәрменсіздігі деп санаймын. Германия жеңеді – 1.57. Африкандықтармен болған ойыннан сабақ алған болар.

Алжир – Ресей

Алжирдің жеңісіне 3.4 кэф беріп отыр БК Олимп. Бұл өте жақсы ұсыныс. Алжирліктер «қызыл әзәзілдерге»  қарсы матчта жақсы ойын көрсетті. Бельгияның сапында сол күні «басқа Феллаини» мен өзге талантты футболшылардың жеке дара шеберліктері басым болып, ойын соңында жеңісті жұлып әкетті. Алжир тең ойынға лайықты өнер көрсеткен еді. Ал корейліктерге қарсы матчты көрген боларсыздар. Дәл сондай ойын көрсетсе, дон Фабионың командасы тең нәтижеге де жете алмайтын сияқты. Ресейдің Кореяға қарсы матчында ойыншылардың алаңда не істерін білмей жүргенін байқадық, бельгиялықтарға қарсы ойында да бапкердің ұтымды шешімдері де пайда әкелмеді. Ресей бұл мундиальға дайын емес. Алжир ұтылмайды деп есептеймін. 1Х – 1.79 коэффициентке өте жақсы ұсыныс.

Корея – Бельгия

Осыған дейін Бельгияға жанкүйер болатыным жайлы жазған едім. Алайда әзірге үмітті ақтаған жоқ. Екі ойында да жеңіске жеткенмен, өздерінің шынайы мүмкіндігін, бар күшін әлі көрсетпеді деп есептеймін. Менің ойымша, осы матчта ешқандай психологиялық жүктмесі жоқ кездесуде өздерін еркін сезініп (климатқа да үйренген болар) жақсы ойын көрсетеді деп есептеймін. Дегенмен, азиялықтар ойсырата ұтыла дегенге сенбеймін. Марк Вильмотс командасы жеңіс үшін қатты тырыспай, 1/8 финал алдында жарақат алмау үшін де сақтана ойнатыны белгілі. Бельгия жеңіске жетсе де минималды жеңіске жетеді. Корея 2 доп айырмашылығымен ұтылмайды деп ойлаймын. Корея 1,5 форасымен 1.44 ставкасына мен сенімді түрде қояр едім. 

comments powered by Disqus